Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік өлексесі табылды

Ұлытау облысында 14 мыңға жуық киік өлексесі табылды

Елімізде жыл басынан бері 18 мыңға жуық киік өлексесі жиналды. Басым бөлігі Ұлытау облысында. Өңірде тазалау, жою жұмыстары әлі жалғасуда. Оған 5 облыстан келген арнайы мамандар мен еріктілер қатысып жатыр. Тұрғындар даламыз өлексе сасып, суымыз бүліне ме деп алаңдаулы. Себебі Кеңгір су қоймасы әлі де толықтай тазартылмаған. Өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы толықтырсын.

Бұл не бәрі 4-5 сағаттың ішінде Сәтбаев қаласы мен Кеңгір су қоймасы маңынан жиналған киік өлекселері. Бұл жұмысқа 80 жуық адаммен 30 тарта техника жұмылдырылған. Ал облыс бойынша жыл басынан бері 14 мың өлексе жойылды.

Өлексе жинау жұмыстарына Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Алматы, Қостанай өңірінен арнайы мамандар келіп көмек беруде. Киік ұшаларының көптігі сонша, таусылар емес. Көмекке жергілікті тұрғындар да тартылды. Бір бөлігі мамандар мен күш құрылымдарына қосылып дала кезсе, бір бөлігі азық-түлікпен қамтамасыз етуде.

Ермек Құрманбаев, қала тұрғыны:

Бұл енді трагедия. Жеріміздің трагедиясы. Халықта көмек беріп жатыр. Қала тұрғындары келіп жатыр. Жезқазған қаласы аңшылар балықшылар қоғамынан 15 адам келіп көмектесіп жатырмыз.

Жезқазған қаласының маңы толықтай тазартылып, өлекселер жойылды. Ал Қаражал, Жаңаарқа мен Сәтпаев қаласында ұшалар әлі де табылып жатыр.

Бақтияр Рамазанов, «Охотзоопром» ҚК бас директорының орынбасары:

Бізбен бірге құтқару қызметі, әкімшілік, еріктілер ауыл тұрғындары жұмыс істеп жатыр. Штабты алдында Жезқазған жақта болса, қазір Сәтбаев жағына шықтық. 1 апта болды. Кеңгір су қоймасының өзінен 730 жуық өлексе табылды.

Бұл тек 80-90 пайызы ғана. Су қоймасын толықтай тазарту мүмкін болмай тұр. Себебі мұз еріп, құтқарушылар әбігерге түсуде.

Ал, Кеңгір Жезқазған қаласын 70 пайыз сумен қамтып отырған ашық су қоймасы. Егер негізгі су көзінен зиянды қалдықтар анықталса тұрғындар ауыз судан тапшылық көреді. 21-наурыздан бастап мамандар судан сынама ала бастады. Әзірге жағдай тұрақты дейді.

Нұрбол Жолдыбаев, Жезқазған қаласының санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

Бұрын оргонолептикалық тұрғыдан қарайтынбыз, қазір омяг топтарын қостық. Себебі өлекселерден зиянды қалдық бөлінсе омяг көрінеді. Қазір қатаң қадағалауда ұстап отырмыз. Егер де қандай да бір ауытқу болса бірден дизинфекциялау мәселесін көтереміз.

Ұлытаудан бөлек тағы 4 облыста тазарту жұмыстары жүргізіулде. Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда өңірлерінен бүгінде 4000 жуық киік ұшалары жергілікті билік есебінен арнайы орындарда жойылды. мамандар өлекселерден сынама алып, неден қырылғанын анықтауда. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болмақ.

Жандос Бақытұлы

Автор
Редакция
Бөлісу