Геологтерге мемлекеттік наградалар табысталды
Ертең - геолог күні. Кәсиби мереке қарсаңында Президент тапсырмасы бойынша Премьер-министр сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыстады. Қазба жұмыстарынан жемісті нәтиже көрсетіп, кен орындарын зерттеуге елеулі үлес қосқан сала ардагерлері мен қызметкерлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» жаңа құрметті атағы берілді.
Серікбек Дәукей , Қазақстанның еңбек сіңірген геологі:
Президентке мыңда мың алғыс геологтерден. Еңбек сіңірген геолог деген атақты енгізгені, заңға қол қойып, бүгін марапттап отырғаны – ол үлкен геологтерге бір сыйлық. Ол өте күш қуат береді барлық геологтерге.
Марапаттау рәсімінде Үкімет басшысы геология саласының маңызы зор екенін атап өтті. Өткен жылы барлау жұмыстарының нәтижесінде 38 жаңа перспективалы кен орны анықталған. Биыл Қарағанды облысындағы Құйрықтыкөлі учаскесінде сирек кездесетін металдар табылғанын айтты. Сондай-ақ, Үкімет басшысы биылдан бастап геологиялық жұмыстарды қаржыландыру көлемі артатынын жеткізді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Өздеріңіз білетіндей мемлекет басшысы алдымызға 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық барлау көлемін 2 млн 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу міндетін қойды. Бұл орайда жер қонауын барлау саласы мамандарының инженер-геологтардың, геофизиктердің және гидрогеологтардың еңбегі қашанда маңызды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
