Қазақстанда аутизмі бар 15 мыңнан астам бала тұрады
Қазақстанда аутизмі бар 15 мыңнан астам бала тұрады. Ал, бейресми деректерге сүйенсек, 35 мыңнан асады. Бұл жайында Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай өткен Аutism Talks жиынында айтылды. Шараға 400-ге жуық адам қатысты. Олардың дені ерекше балалардың ата-аналары. Диагноз қойылғаннан кейін қиындыққа мойынсұнбай, балаларына білім беру және әлеуметтік жобаларды қалай дамыта бастағандарын айтып, өзара тәжірибе алмасты. Болашақ қорының координаторы Самал Әлбілекова « Аутизм-ауру емес, сондықтан оларды қоғамға бейімдеп, жарқын болашаққа жол сілтеуге болады»- дейді.
Самал Әлбілекова, «Болашақ» корпоративтік қоры әлеуметтік жобаларының координаторы:
Мұнда ересектер, жасөспірімдер, олардың ата-аналары және мамандары сөз сөйледі. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Осы бірінші бөлімде ата-аналар өзінің жеке тәжірибесімен бөліседі. Осы аутизмі бар балаларды тәрбиелеу барысындағы кездескен түрлі қиыншылықтар олармен қалай күресті, қандай жетістіктерге жетті және басқа ата-аналарға айтатын қандай ақыл-кеңестері бар сонымен бөліседі.Динара Жарқынбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner