Түркияда 9 күнде жол апатынан 72 адам қаза тапқан
Түркияда Ораза айт мейрамына орай берілген 9 күндік демалыс кезінде жол апатынан 72 адам қаза тапқан. Ал жол-көлік оқиғаларынан сегіз мыңнан аса адам жарақат алды. Бұл мәліметтерді Түркияның Ішкі істер министрі жариялады. Өткен аптада берілген 9 күндік демалыс кезінде барлығы алпыс мыңнан аса жүргізуші жол ережесін бұзған. Көпшілігі жылдамдықты асырып, жолда апаттық жағдай тудырғандар. Жол полициясы қауіпсіздік сақтау мақсатында қалааралық жолдардың барлығында рейд жүргізген.
Түркияда айт мейрамы кезінде туған ауылдарына барып, ата-аналары мен туыстарын аралау дәстүрі бар. Осыған байланысты автожолдарда көлік күрт көбейіп, түрлі жол апаттары жиілейді.
Айдос Әшімұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner