Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті. Олар екіжақты ынтымақтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру және бірнеше сала бойынша бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. 

Азамат Бейбітұлы

Автор
Редакция
Бөлісу