Әлемде жарты ғасырға ғана жететін мұнай қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әлемде жарты ғасырға ғана жететін мұнай қалды

Әлемде жарты ғасырға ғана жететін мұнай қалды

Әлемде 54 жылға жететін мұнай қалды. Сарапшылар осылай дейді. Олар ғаламда жалпы көлемі 271 миллиард тонна мұнай болса, күн сайын соның 13,6 миллион тоннасы пайдаланылатынын айтады. Тіпті алдағы 20-30 жылда мұнайға деген сұраныс болмауы мүмкін. Сондықтан жасыл энергетика көздеріне біртіндеп көшу қажет деп санайды.

Айбек Айтуаров, тәуелсіз сарапшы:

Баламалы энергия көздерін іздеу керек. Бізде күн энергиясы, сутегі, атом энергиясы бар. Мұнай 2070 жылға қарай коммерциялық тұрғыдан тартымды болмауы мүмкін. Біз елдегі 11 шөгінді бассейнді әлі толық зерттеген жоқпыз. Бұлар Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстанда орналасқан. Дұрысы инвесторларды таппай тұрып, алдымен геологиялық зерттеу жүргізіп, толық ақпаратты алуымыз керек. Сондан кейін ғана инвесторларды шақырсақ, жұмыс өнімді болады.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу