Орталық Азия елдері туберкулезге қарсы бірлесіп күреспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Орталық Азия елдері туберкулезге қарсы бірлесіп күреспек

Орталық Азия елдері туберкулезге қарсы бірлесіп күреспек

Орталық Азияда жыл сайын 35 мың адам туберкулезге шалдығады. Кейінгі кезде көрсеткіш төмендесе де, бұл дертпен күрес тоқтамақ емес. Осыған байланысты бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Орталық Азия елдері жаңа бастаманы қолға алды. Бес ел «Туберкулезден азат Орталық Азия» декларациясына қол қойды. Мақсат - 2030 жылға дейін бұл саладағы жұмысты күшейту. Жаңа әріптестік дертті дер кезінде анықтауға, емдеу кезінде тиімді тәсілдер қолдануға және жаңа вакциналарды жылдам енгізуге мүмкіндік бермек.

Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры:

Орталық Азия елдерін география ғана емес, ортақ тарих пен құндылықтар біріктіреді. Сіздер бірлескен әрекеттің маңызын терең түсінесіздер. Бұл бастаманың нышаны ретінде керней аспабы да дұрыс таңдалып отыр. Бұл аспапта ойнау үшін мықты өкпе қажет. Дәл сол сияқты бұл өңірдің өркендеуі үшін де сау өкпелер қажет. Түберкілессіз Орталық Азия жолындағы ортақ көшбасшылық өзгелерге үлгі.

Темірлан Нұржанұлы

Автор
Редакция
Бөлісу