Алматыда дауылдан бірнеше үй зақымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда дауылдан бірнеше үй зақымданды

Алматыда дауылдан бірнеше үй зақымданды

Алматыдағы дауылдан бірнеше тұрғын үй зақымданды, тіпті, арасында қирағандары да бар. Шаһарда күн райы күрт бұзылып, кенеттен екпінді жел басталған. Нөсер жауын мен қатты дауылдан ондаған ағаш құлап, көшеде тұрған көліктерді де зақымдады. Үйлердің шатыры қирап, құрылыс қоршаулары бұзылған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ағаш құлауының 30-ға жуық оқиғасы тіркелген. Кей аудандарда жарық сөніп, мобильді байланыс істемеген. Полиция департаменті қолайсыз ауа райы кезінде 10-нан аса жол-көлік апаты тіркелгенін хабарлады.

Қуан Нұрақын

Автор
Редакция
Бөлісу