Оқушылардың техникалық ғылымға ықыласы жоғары
Астанаға ғылымға ден қойған 250-ден астам оқушы келді. Олар халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары, ғылыми әзірлемелерді патенттеу немесе авторлық құқықты тіркеу сатысында тұрған жасөспірімдер. Форум аясында жаңа жобаларын таныстырып, өзара идеяларымен бөлісті. Пекин, Париж және Тунистен келген ғалымдармен пікір алмасты. 11-сынып оқушысы Арлан Жақанов өзі ойлап тапқан қазақша тілдесетін дауыстық көмекшісін таныстырды.
Арлан Жақанов, мектеп оқушысы:
Қазіргі таңда қазақ тілін түсінетін дауыстық көмекшілер әлі толық дамымаған. Алайда орыс және ағылшын тілін түсінетін дауыстық көмекшілер бар. Олар мысалы яндекс станция, алиса немесе айфондағы сири. Сондықтан мен өзімнің жобамды өзекті деп санаймын.
Жанар Бейсенбаева, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы:
Химия, биология бағытына өте қызығушылық көп. Техникалық жақтан өте көп қызығушылық. Өздеріңіз білесіздер, айти саласы өте қатты дамып жатыр. Енді қазақстандық оқушылар керемет нәтижелер көрсетіп жатыр.
Динара Жарқынбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner