Ресей-АҚШ келіссөзі Стамбұлда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресей-АҚШ келіссөзі Стамбұлда өтеді

Ресей-АҚШ келіссөзі Стамбұлда өтеді

АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздің екінші раунды Түркияның Стамбұлында өтеді. Бас қосу сәуірдің 10-на белгіленген, бұл ақпаратты Ақ үй және Кремль өкілдері растады. Оған сай, кездесуде екі ел арасындағы дипломатиялық миссия жұмысын қалпына келтіру мәселесі талқыланады. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті болса, саяси немесе қауіпсіздік мәселелері күн тәртібінде тұрған жоқ, Украина жайы мүлде қозғалмайды деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Автор
Редакция
Бөлісу