Алматы облысында пошталық сәлемдемелерді сұрыптау хабы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматы облысында пошталық сәлемдемелерді сұрыптау хабы салынады

Алматы облысында пошталық сәлемдемелерді сұрыптау хабы салынады

Биыл Алматы облысында пошталық сәлемдемелерді сұрыптау хабының құрылысы басталады. Нысан халықаралық жеткізу мерзімін едәуір қысқартады. Президенттің қабылдауында болған YTO Express-тің басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяо осылай деді. Қазір елімізде Қазпошта мен YTO Express-тің «Qazpost – YTO» деп аталатын бірлескен серіктестігі жұмыс істеп тұр. Мақсат – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды. 

Оңғар Алпысбайұлы

Автор
Редакция
Бөлісу