Трамп Қытайға қарсы тарифті 145 пайызға дейін көтерді
АҚШ Қытай тауарларына кедендік салықты 145 пайызға дейін көтерді. Бұған дейін тариф 125 процент болатыны айтылған еді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұған наурызда жарияланған 20 пайыз қосылатынын мәлімдеді. Америка лидері алымдардың өсуін Бейжіңнің фентанил саудасына қарсы күресті ойдағыдай жүргізбеуімен түсіндірді.
Ал ЕуроОдақ болса, АҚШ-қа қарсы қарымта тарифтерді енгізуді уақытша тоқтатты. Бұған дейін Вашингтон Еуропа елдеріне қарсы баж салығын 90 күнге шегерген еді. Еурокомиссия мәселені келіссөздер арқылы шешуге тырысатынын мәлімдеді. Ал келіссөз сәтсіз өткен жағдайда, ЕуроОдақ америкалық тауарларға алым күшіне енетінін ескертті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner