Францияда сабақта смартфон қолдануға толық тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Францияда сабақта смартфон қолдануға толық тыйым салынады

Францияда сабақта смартфон қолдануға толық тыйым салынады

Францияда сабақта смартфон қолдануға тыйым салынбақ. Қыркүйектен бастап оқушылар мектеп табалдырығын аттаған бойда телефондарын өткізуге міндеттеледі. Францияның білім министрі Сенатқа елдегі барлық мектеп толығымен «цифрлық үзіліске» өтуі керек деді. Мақсат - балалардың оқу үлгерімін жақсарту. Жаңа әдіс жүздеген мектепте сынақтан өткен. Нәтижесінде гаджеттен оқшауланған оқушылардың денсаулығы дұрысталып, бір-бірімен араласып, мектептегі зорлық-зомбылық азайыпты. Еуропа еліндегі жаңа бастаманы ата-аналар да қолдап отыр.

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу