Ресейде Трамптың арнайы елшісі Путинмен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресейде Трамптың арнайы елшісі Путинмен кездеседі

Ресейде Трамптың арнайы елшісі Путинмен кездеседі

АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф бүгін Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Жүздесу барысында тараптар Украинадағы соғысты тоқтату, Трамп-Путин келіссөздерін ұйымдастыру мәселелерін талқылауы мүмкін. Мұны Кремль хабарлады.

Бұған дейін Стив Уиткофф Санкт-Петербургте Ресей президентінің инвестиция жөніндегі өкілі Кирилл Дмитриевпен кездесті. Трамп ескерткендей, Украина бойынша келісім жасалмауына Мәскеудің кінәлі екені анықталса, АҚШ Ресейдің мұнайын сатып алушы елдерге санкция жариялайды.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу