ІІМ ата-аналарға үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Астаналық тұрғын терезе алдында ойнап отырған балаларды құтқарып қалды. Оның қырағылығы мен жедел қимылы қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Ал Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне, әсіресе терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау туралы үндеу жасады. Сондай-ақ қорғаныс жүйесі жоқ москит торларын пайдаланбаған жөн. Терезе маңындағы жиһазды алыстатып, баланың жоғарыға көтерілуіне жол бермеу де маңызды.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу