Шығыс Қазақстанда кене көбейді
Биыл Шығыс Қазақстан облысында көктемде кене ерте тірілді. Өңірде соңғы бір аптада сексенге жуық адам зиянкестен зардап шеккен. Оларға кене уына қарсы иммуноглобулин егілді. Таулы аймақтарда қар әлі толық ерімесе де, оңтүстік аудандарда күндіз 18-20 градусқа дейін жылынды. Ал облыстық санитарлық эпидемиологиялық департамент мамандары кене тектес зиянкес жәндіктер 3-5 градус жылылық пен ылғал болса тіріле беретінін айтады. Негізі кене шығыста мамыр мен маусым айында көбейеді. Бүгінге дейін өңірде кене энцефалитіне шалдыққан науқастар тіркелген жоқ.
Сәуле Сләмғазина, ШҚО санэпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Бүгінгі күні кене шаққан адамдар тіркелді. Бірақ инфекция тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында иммуноглобулин барлық медициналық мекемеде жеткілікті. Егу кабинеттер аудандарда жұмыс істеп тұр.
Олжас Керейхан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner