Автокөлік өндірісіне салынған инвестиция 189 млрд теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Автокөлік өндірісіне салынған инвестиция 189 млрд теңгеден асты

Автокөлік өндірісіне салынған инвестиция 189 млрд теңгеден асты

Қазақстанда автокөлік өндірісі дамып жатыр. Былтыр салаға салынған инвестиция көлемі 189 млрд теңгеден асты. 2023 жылмен салыстырғанда 5 есе өскен. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан халықаралық көрмеде айтылды. Оған 22 елден 350-ден астам компания қатысып жатыр. Оның ішінде Германия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Қазақстанның ірі кәсіпорындары бар. Бұл – Еуразиялық кеңістіктегі автокомпоненттер мен сервистік қызметтерге арналған ең ірі салалық шаралардың бірі.

Ануар Малик, BMCA Kazakhstan директоры:

Осындай деңгейдегі шаралар – саланың ғана емес, ел экономикасының дамуына да қажет. Әрбір салынған қаржы мультипликативті әсер береді. Automechanika – әлемдегі ең ірі көрменің бірі. Қазақстанның осындай маңызды алаңға айналуы – біз үшін үлкен мәртебе.

Айя Мүтәлі

Автор
Редакция
Бөлісу