Ақтөбеде жылжымалы көрме ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбеде жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Ақтөбеде жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Ақтөбеліктер қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай, «Ер есімі – ел есінде» деп аталған жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына Әлия Молдағұлова мемориалдық музейінің қорындағы бірегей жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы майдан мен тылдағы өмірді суреттейтін деректі фильм көрсетілді. Ал, музейдің өзінде жастарға арналған «Әлия – қаһармандық дастаны» атты тақырыптық экскурсия ұйымдарстырылды.

Айдана Асылханова Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкері:

Әлия музейіндегі жәдігерлер және архивтер туралы сөз етіп,музейге вертуалды шолу жасады.Сонымен қатар оқырмандар назарына «Әлия, батыр қызы сен халқымның» кітап көрмесі ұсынылды.

Жақсыбек Кемал

Автор
Редакция
Бөлісу