Абай облысында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды
Абай облысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Өңірдегі барлық мектеп осы жоба төңірегінде жұмыстарды жандандырған. Ең бастысы ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру оқушыларға оң әсер етуде, - дейді ұстаздар. Мектептерде ұлттық спорт түрлерін меңгеру, салт-дәстүрді жаңғырту сынды сабақтар үзбей өткізіледі. Тіпті кейбір мектептерде ұлттық киім мектеп формасы ретінде қолданыла бастаған. Оған қоса, өңірдегі 300-ден астам білім ошағында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылған.
Гүлнұр Бекбосынова, №47 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Президентіміз биылғы педагогтар съезінде айтып өткен болатын. Ұстаз, мектеп, ата-ана үштігі ерекше жұмыс жасау керек деп. Ашылып отырған ата-аналар педагогикалық орталығы бұл үштікке үлкен мұрындық болып отыр.
Ержан Жақып
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner