Бұрынғы шенеунік 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидия жымқырды деген күдікпен ұсталды. Қаржы мониторинг агенттігі хабарлағандай, аталған министрлікке қарасты департаменттің бұрынғы директоры Аимбетов 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысқан. Тергеу деректеріне сай, бұл іске мәслихаттың бұрынғы депутаты Әбішевтің де қатысы бар. Олар 29 ауыл шаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталы таңқурай көшеттерін жеткіздік деп жалған құжаттар әзірлеген. Тергеу жалғасуда.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner