Семейде суға ағып кеткен үшінші адамның денесі табылды
Абай облысы Аягөз ауданындағы Ақшәулі ауылында іздеу жұмыстары тоқтатылды. Түс ауа өзенге ағып кеткен үшінші адамның денесі табылды. Кеше Ақшәулі ауылындағы Көк-Кәмір қыстағына мал іздеп шыққан үш тұрғын аспалы көпірден өтпек болып суға батып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, қыстаққа апаратын ескі көпір ағынға шыдамай опырылып сынған. Құтқарушылар бір тәулік бойы өзен маңын шолып, әуелі екі адамның денесін алып шықты. Артынша үшінші тұрғынның мәйіті оқиға орнынан 2 шақырым жерден табылды. Ал ауыр салмаққа шыдамай құлаған өткелді шаруа қожалығы өз бетімен құрып алған. Жергілікті әкімшіліктің қарауында болмаған дейді мамандар.
Асхат Ибраев, Аягөз аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Сол маңда орналасқан қыстақ жолды қысқарту мақсатында қолдан жасап алған. Өткелдің әкімшілік не басқа тұлғалардың теңгерімінде жоқ. Ешкімнің иелігінде емес екендігін хабарлаймын.
Ержан Жақып
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner