Олжас Бектенов CITIC Construction басшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Олжас Бектенов CITIC Construction басшысын қабылдады

Олжас Бектенов CITIC Construction басшысын қабылдады


Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction төрағасы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуде ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолдарының реконструкциясы, сондай-ақ Сaspi Bitum зауытының жаңғыртылуы жөніндегі жұмыстар қаралды. Бектенов құрылыс сапасы мен уақытылы аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты. Өз кезегінде Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу