Ақмолалық студенттер шетелде тәжірибе жинақтайды
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің студенттері шетелдік зауыттарда тәжірибе жинақтайды. Олар ауылшаруашылығы техникасын шығаратын зауыттардың өңірдегі диллері ұйымдастырған байқауда мың адамның ішінен үздік атанып, жолдама жеңіп алған.
Ауылшаруашылығы саласында жұмысшы мамандықтарын дайындауға ден қойған оқу орнының техникалық базасы мықты. Колледжде шетелдің зауыттары сыйға тартқан ауылшаруашылық техникаларының бірнеше үлгі-макеті бар. Бұл студенттерге теориялық білімді тәжірибеге ұштастыруға мүмкіндік береді.
Иван Ермоленка, студент:
Байқауға қатысқан мың студенттің тек 46-сы ғана ақтық сынға қатысуға мүмкіндік алды. Олардың тек 8-і шетелде тағылымдамадан өтеді. Колледждің зертханалары соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Бұл менің жеңімпаз атануыма өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner