Қазақстан жасанды интеллект экожүйесін дамыта бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан жасанды интеллект экожүйесін дамыта бастады

Қазақстан жасанды интеллект экожүйесін дамыта бастады

Елімізде жасанды интеллект экожүйесін дамыту және оның инфрақұрылымын қалыптастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бұқаралық өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында баяндалды. Қазіргі таңда жасанды интеллект туралы заң жобасын Парламент Мәжілісі қарап жатыр. Құжатта жасанды интеллект технологияларын дамыту мен қауіпсіз пайдаланудың құқықтық негізі түзілген. Жасанды интеллектінің инфрақұрылымы бойынша Қазақстан NVIDIA есептеу қуатын экспорттауға өтінім беріп, графикалық процессорлары сатып алынды. Онда қазақтілді моделі негізінде мемлекеттік өнімдер әзірленеді. Тағы бір ақпарат, 5 жылда 1 млн-ға жуық қазақстандық жасанды интеллектіні меңгермек.

Ғиззат Байтұрсынов, ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы:

Біз жасанды интеллектіні дамытудың кешенді тәсілін ұстанып отырмыз. Мектеп оқушыларынан бастап, мемлекеттік қызметшілерге дейінгі барлық адами капиталды дамытып, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды құрудамыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Редакция
Бөлісу