Шетелдік медиасарапшылар журналистерге шеберлік сағатын өткізуде
Бүгін Астанада II Орталық Азия медиафорумының екінші күні өтіп жатыр. Орталық Азия медиа өкілдері мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақты нығайтуға бағытталған жиында қазір әріптесім Темірлан Нұржанұлы жүр.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
II Орталық Азия медиафорумы жалғасуда. Жиынға алыс-жақын шетелден 700-ге жуық адам келді. Ал бүгін Ұлыбритания, АҚШ және Ресейден келген медиасарапшылар Орталық Азия елдерінің журналистері мен жоғары оқу орындарының студенттеріне шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр. Мамандар медиа саласының даму бағыттары мен сын-қатерлері жайында ой бөлісті. Бұған дейін біз Ұлыбританиядан келген медиасарапшы, Доктор Венкат Айермен тілдескен едік.
Венкат Айер, медиасарапшы:
Мен қозғаған тақырып жасанды интеллект пен әлеуметтік желідегі медиа этикаға қатысты. Қатысушылар өте белсенді. Олардың сұрақтарына қуана-қуана жауап бердім. Мен де дәрістің дәл осындай интерактивті форматта болғанын қалаған едім.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Айта кетейік, бұл форум мамандарға өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, аймақтағы бірлескен ақпараттық жұмыстың ортақ тәсілдерін әзірлей алатын бірегей алаңға айналып отыр.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner