Алатау қаласы экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналады
2050 жылға қарай Алатау қаласының халық саны 1 млн адамнан асуы мүмкін. Шаһарда көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынады деп жоспарланған.
Сәйкесінше жаңа баспаналардың сапасы заман талабына сай әрі жер дүмпуіне төзімді болуы керек. Себебі Алатау қаласы 8 балға дейінгі зілзала қаупі бар аймақта орналасқан. Қала құрылысшылар одағының президенті Любовь Нысанбаева осылай дейді.
Жаңа шаһардың жоспарында Алатау қаласының көлік инфрақұрылымы басты назарда. «Жобаға сай қалада LRT құрылысынан бастап, әуе хабы да қарастырылып отыр. Яғни Алатау қаласының мүмкіндігі мол. Алматы мен Қонаевтың арасын жалғайды» дейді Любовь Нысанбаева.
Любовь Нысанбаева, Қазақстанның қала құрылысшылары одағының президенті:
Алдымен Алатау қаласында бас жоспарға сәйкес өндіріс орындары, кәсіпорындар ашылуы керек. Себебі халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ету маңызды. Содан соң медициналық кампус, су шаруашылығы мен құрылыс саласының мамандарын әзірлейтін арнайы орталықтар ашылады.
Айдана Қуантхан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner