Маңғыстау облысында мектеп асханалары тексеріліп жатыр
Маңғыстауда мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру басталды. Аймақта білім беру ұйымдарында оқушылардың жаппай астан улану дерегі көбейген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратураның келісімімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексерді. Жоспарланған 72 нысанның 14-і тексеруден өтті. Ведомствоаралық жұмыс тобына министрліктен, бірнеше облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан мамандар енген. Айта кетейік, сәуір айының басында Бейнеу ауданында 12 оқушы мектеп асханасынан тамақтанған соң дәрігерге жүгінген болатын. Кейін асхана жабылды, тергеу жүріп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner