Ыстанбұлдағы Палестинаны қолдау шеруі полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ыстанбұлдағы Палестинаны қолдау шеруі полициямен қақтығысқа ұласты

Ыстанбұлдағы Палестинаны қолдау шеруі полициямен қақтығысқа ұласты

Ыстанбұлда Палестинаны қолдау шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Түркияның ең ірі мегаполисинде мұндай акциялар ұдайы өтеді. Бірақ осы жолғы демонстрацияны оппозициялық Республикалық халық партиясы ұйымдастырып, үкіметке қарсы ұрандар көтерген.

Қақтығыстың басталуына манифестанттардың Таксим алаңына қоршауды бұзып өтіп енуге әрекет жасауы себеп. Шерушілерді таратуға жүздеген полиция тартылды. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ туристер көп баратын «Истиклял» даңғылында жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс айтарлықтай қиындаған.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу