Израиль тұрғындары шеруге шығып, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Израиль тұрғындары шеруге шығып, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

Израиль тұрғындары шеруге шығып, Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

Израиль тұрғындары шеруге шығып, үкіметтен Газадағы соғысты тоқтатып, «Хамастың» кепілдігіндегі адамдарды босатуды талап етті. Қарсылық акциясы ел астанасы Тель-Авивте өтті. Оған қатысушылар беттеріне, денелеріне қызыл бояу жағып, тұтқындағылардың азабын көрсетуге тырысқан.

Демонстранттардың арасында бұрынғы сарбаздар да бар. 2023 жылы қазанның 7-де «хамастықтар» Израильдің оңтүстігінде 250-дей адамды кепілдікке алып, Газаға әкетті. Солардың 59-ы әлі күнге дейін қайтарылмаған.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу