Маск Трамп әкімшілігіндегі жұмыс уақытын қысқарпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Маск Трамп әкімшілігіндегі жұмыс уақытын қысқарпақ

Маск Трамп әкімшілігіндегі жұмыс уақытын қысқарпақ

Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі жұмысына арнайтын уақытын қысқарпақ. Есесіне миллиардер өз компанияларына жетекшілік етуге көбірек көңіл бөледі. Бұған себеп: Маскқа тиесілі «Тесланың» таза кірісі биылдың бірінші тоқсанында 71 пайызға азайған. Ал қаңтар-наурыз айларында компания 337 мыңдай электромобиль сатқан. Бұл – екі жылдағы нашар көрсеткіш. Алайда, Илон Маск АҚШ әкімшілігіндегі Үкімет тиімділігі департаментінен толықтай кетпейтінін, бұған өз уақытының 40 пайызын арнайтынын айтты. 

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу