Қызылордада студент қыздар «Мәншүк маршы» шеруіне шықты
Қызылордада Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін ардақтауға арналған республикалық форум басталды. Еліміздің 11 педагогикалық колледжінен келген студент қыздар әскери-патриоттық шеруге шығып, қазақтың қайсар қызының рухына тағзым етті.
Дәстүрлі «Мәншүк маршына» барлығы екі мыңға жуық жас қатысты. Салтанатты шеруден кейін Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Жалпы патриоттық форум екі күнге созылып, тағылымды шаралармен жалғасатын болады.
Назерке Русланқызы, студент:
Мәншүк Мәметованың осындай маршына қатысу біз үшін үлкен деңгей. Біз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш деп ойлаймыз. Ұрпаққа өнеге қалдырып кеткен тұлғамыз. Біз әрқашанда даңқты етеміз, әрқашанда қолдаймыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner