Ресейде қазақ жауынгері жерленген бейіт табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ресейде қазақ жауынгері жерленген бейіт табылды

Ресейде қазақ жауынгері жерленген бейіт табылды

Ресейдің Калининград облысында қазақ жауынгері Жармұқан Нұржановтың жерленген жері табылды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлесіміз Ресейдің Калининград облысында бауырлас қабірде мәңгілік мекенін тапқан. Қазақ жауынгері 1909 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1942 жылы армия қатарына шақырылған. Соғыста Ленинград Қызыл Ту дивизиясында және 1191-ші Выборг атқыштар полкінде ефрейтор болған. Деректерге сәйкес Жармұқан Нұржанов 1945 жылғы 7 мамырда, жеңіске екі күн қалғанда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Андрей Выползлов, саясаттанушы:

Жармұқан Нұржановтың туыстары маған шығып, аталары бұрынғы Шығыс Пруссияда, қазіргі Калининград облысында қайтыс болғанын айтты. Алайда жерленген жері белгісіз еді. Естелік кітабына сәйкес, Алексеевка ауылының маңы болу мүмкін. Зерттей келе, Алексеевка ауылы жоқ екенін, барлық жауынгерлер осы Переславское ауылында қайта жерленгені анықталды.

Индира Бегайдар

Автор
Редакция
Бөлісу