Қызылордалық студенттер жұмысшы мамандықтар бойынша сайысты
Қызылордада техникалық және кәсіптік мамандықта оқып жатқан студенттер арасында байқау өтті. Болашақ жас мамандар білім-біліктілік сайысында теория мен өндірістік тәжірибені ұштастырып, шеберліктерін көрсетті.
Бүгінде облыста жұмысшы мамандарын даярлайтын 28 колледж бар. Онда 20 мыңнан аса жас білім алады. Аймақтық байқауда студенттер құрылыс, тігін технологиясы, шаштараз секілді 4 санат бойынша сынға түсті. Іріктеуден іркілмей өткен үздіктер республикалық кезеңге жолдама алды. Жалпы Сыр өңірінің талапты жастары бұған дейін де кәсіби біліктілігін паш етіп, екі студент халықаралық байқауға шақырту алған.
Жансая Абдуллаева, тігін шебері:
Ақпан айында Шымкент қаласында іріктеу туры өтті. Сол іріктеуден өтіп, «Еуроскилз-2025» халықаралық чемпионатына жолдама алдым. Ол чемпионат Дания мемлекетінде өтеді. Қазіргі кезде бізге қандай жұмыстарды атқару керек сол туралы айтып жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner