Ақтөбеде қызғалдақ жұлған әкім әкімшілік жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбеде қызғалдақ жұлған әкім әкімшілік жазаға тартылды

Ақтөбеде қызғалдақ жұлған әкім әкімшілік жазаға тартылды

Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкіміне қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде оған қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Өйткені Жұбанов ауылдық округінің әкімі гүлді табиғат аясында жүргенде өзіне қыздарының сыйлағанын айтқан еді. Ол жерде өсімдікті жұлуға болмайтыны туралы ескерту белгілері болмаған. Әзірге суреттегі қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген түрі ме, басқасы ма, белгісіз. Дегенмен Ләззат Бердібаеваның әрекетін Әдеп жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданған.

Жақсыбек Кемал 

Автор
Редакция
Бөлісу