Ватиканда Рим Папасымен қоштасу үшін мыңдаған адам кезекте тұр
Ватикандағы Қасиетті Петр соборында Рим Папасы Францискпен қоштасу үшін мыңдаған адам кезекте тұр. 88 жастағы понтифик осы дүйсенбі күні инсульттен қайтыс болды. Оның мәйіті салтанатты процессия үшін аталған соборға сәрсенбі күні жеткізілді. Содан бері дінбасымен қоштасуға 130 мыңдай адам барған. Көпшілік үшін шіркеу есігі жергілікті уақытпен бүгін кешкі сағат алтыда жабылады. Ал ертең жерлеу рәсіміне дайындық басталады. Оған әлемнің 50 мемлекетінің басшысы мен 10 монарх қатыспақ. Солардың қатарында АҚШ, Украина президенттері мен Ұлыбритания премьер-министрі және принц Уильям бар.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner