Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады

Бүгін Солтүстік Корея Ресейге әскер бергенін растады. Бұл туралы ресми мәліметті елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі осыдан бірнеше сағат бұрын таратты. Онда солтүстіккореялық жауынгерлердің Ресейге Ким Чен Ыннның бұйрығымен барғаны жазылған. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі де мойындап отыр.

Айта кетсек, Ресей мен Солтүстік Корея басшылары стратегиялық серіктестік туралы келісімге былтыр қол қойды.

Болжамға қарағанда, Пхеньян Мәскеудің Украинадағы соғысына жәрдем ретінде 14 мыңдай сарбаз аттандырған. Олардың бірталайы қаза тапқандықтан, Солтүстік Корея Ресейге тағы 3 мың жауынгер жөнелткен.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу