Астанада даладағы музейдің зымыран макеттері жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада даладағы музейдің зымыран макеттері жөнделді

Астанада даладағы музейдің зымыран макеттері жөнделді

Дәл осы жазба күні кеше әлеуметтік желіде тарады. Бұрандалы шегелері босап, тіреуішінде жарықшақ пайда болған. Бейнежазба иесі биіктігі 50 метрге жететін темір құлап кете ме деп алаңдаушылығын білдірді. Ал бүгін жауаптылар жөндеу жұмыстарын жүргізгендерін хабарлады.  Нұра ауданы әкімдігі: «темірдің ажырып кеткен жерін балқытып, біріктірдік. Сағаларын қатайттық, қазір қауіп жоқ», - деп мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл «Байқоңыр» ғарыш айлағының шағын макеті Сыр өңірінің елордаға 20 жылдығына жасаған арнайы сыйы еді.

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу