Атырауда жұмысшы жастардың форумы өтті
Атырауда республикалық жұмысшы жастар форумы өтті. Жиынның мақсаты – жастар арасында еңбек мамандықтарын насихаттап, тәжірибе мен білім алмасу. Форумға барлық аймақтан 200-ге жуық жұмысшы жас пен жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Ашылу рәсімінен соң «Қазақстанның еңбек нарығы және жұмысшы мамандықтарының келешегі» атты пленарлық отырыс өтті. Екі күнге созылатын форумда жастар жобаларын қорғап, үздік деп танылған 6 қатысушыға 500 мың теңгеден грант беріледі.
Батырбек Байырханұлы, қатысушы:
Жалпы осындай мүмкіндіктер одан сайын көп болса екен дейміз. Тек қана осы жұмысшы мамандықтар жылы емес, жыл сайын ауқымды жобалар ұйымдастырылып, сол жобаларға осындай арнайы гранттар бөлінсе деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner