Қазақстанда электр қуатының тапшылығы қатты сезіле бастады - министр
Қазақстанда электр қуатының тапшылығы қатты сезіле бастады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжілісте өткен жиында осылай деді. Қажеттілікті жабу үшін энергияны шеттен сатып алуға мәжбүрміз. Сұраныс өскен сайын баға да қымбаттап жатқанын жеткізді. Орта есеппен Қазақстанда сағатына 2 млрд кВт электр қуаты жетіспейді. Сондықтан қазір жаңа өндіру ошақтарын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы инвесторлардың қаржысына салынады. Кейін жобалардың өзіндік құнына байланысты тарифтер бекітілмек. Анығы - жаңа кәсіпорындар іске қосылған сайын электр энергиясының тарифі қымбаттап отырады.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
Біздің жоспарымыз бойынша 2035 жылға дейін біз 26 гВт жаңа базалық электргенерацияны қосуды жоспарлап отырмыз. Әрине жоспар өте ұзақ мерзімге арналған. Сол үшін әрбір жобаны біз бөлек зерттейміз, бөлек қараймыз. Содан кейін әрбір жоба бойынша турифтер туралы ақпаратты ашамыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner