Мәскеуде Ұлттық киім ұлықталды
Мәскеуде қазақтың ұлттық киімі таныстырылды. «Ресей халықтарының ұлттық киімінің мұрасы мен дәстүрлері» атты байқауда көрші елде тұрып жатқан қандастарымыз топ жарды. Соңғы уақытта қазақтың көнеден келе жатқан және заманауи киімдері өзге ұлттардың да қызығушылығын тудырды.
Байқауда Ресейде қоныс тепкен өзге ұлттардың киімдері, мәдениеті таныстырылды. Қазақтың ұлттық киімі көптің көңілінен шығып, жоғары қызығушылыққа ие болды. Басты мақсат – атадан келе жатқан дәстүрді дәріптеу.
Жарқын Өтешова, Мәскеудегі «Астана» қорының президенті:
Әрі біз бір-бірімізді таныстырамыз. Мысалы, өзіміздің мәдениетімізді басқа ұлтқа таныстырамыз. Себебі, Мәскеуде 120 ұлт өкілі тұрады. Сондықтан біз жылына 1-2 рет ұлттық мәдениеттер бойынша кештер өткізіп тұрамыз.
Жалпы Мәскеу қаласы мен облысында 100 мыңға жуық қазақ тұрады. Ұлттық киім байқауында көнеден келе жатқан ұлтымыздың салты, киімі таныстырылды. Одан бөлек, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Роман Болховитин, «Астана» халықтар мен ұлттық мәдениеттер достығын дамытуға жәрдемдесу қорының басқарма төрағасы:
Жалпы біз қазақ мәдениетін Ресейде, Мәскеуде кең көлемде насихаттауды жоспарлап отырмыз. Үлкен шаралар циклы бар. Бұл қазақ эпостары, ертегілері бойынша да іс-шаралар, Шежіре мерекесі, Домбыра күні, Көрісу айт, Наурыз сияқты ұлттық мерекелер. Мәскеуде қазақ халқын ерекше құрметтейді.
Бәсекеде қандастарымыз жүлдері орынға ие болды. Алдағы уақытта осындай игі шарала өзге де өңірлерде ұйымдастырылмақ.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
