Астанада LRT рельс жолдарының 25% төселді
Астанада LRT рельс жолдарының 25% аяқталды. Бүгінде екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 км-нің 5,6 шақырымы төселді. Құрылыс алаңына маневрлік тартқыш, экскаватор, бетон араластырғыш, консольді кран сынды арнайы техникалар тартылған. Жұмыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи «DTVII2-1» рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары шуды 5-10 децибелге дейін азайтады әрі түрлі климаттық жағдайларға бейімделе алады. Былтыр №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілік кезең қысқы ауа райының жеңіл рельсті көліктің жол құрылымына әсерін білуге мүмкіндік берді.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner