Энтеровирус: Нені білу керек?
Энтеровирустың нақты емі де, оған қарсы вакцина да жоқ. Бірақ, симптомдарына қарай ем тағайындау арқылы құлан таза айығуға болады, дейді дәрігерлер. Соңғы апталарда балалар арасында аталған вирус көбейген. Мамандар бұны күннің жылынуымен байланыстырады. Себебі вирус көктем және жаз айларында таралады. Басты белгілері, жоғары температура, бас ауру, іш өту, денеде бөртпе пайда болу және диарея. Дәрігерлердің айтуынша, негізінен үйде отырған балалар бұл сырқатқа жиі шалдығады. Ауырған науқас балалардың 60%-дан астамы балабақшаға бармайтындар. Дәрігерлер аурудан сақтану үшін қолды жиі жуып, қайнаған су ішуге кеңес берді.
Асылзат Байғонова, «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» қабылдау диагностикалық бөлімінің меңгерушісі:
Қазіргі таңда балалардың иммунитеті бұрынғы кезбен салыстырғанда төмен. Сондықтан олар кез келген ауруды тез жұқтырып алады. Ең алдымен, олардың тамағына аса көңіл бөлу керек. Қандай тамақтар жеп жатыр, көшеден бе, әлде жуылмаған жеміс-жидекті жеді ме? Осының барлығын бақылауда ұстау қажет. Екіншіден, балалардың саябақтардағы субұрқақтармен ойнағанда аса сақ болып, мән беру керек. Оның суын ішпеу керек, суына түспеуін қадағалау керек.
Дәрігерлер өкпе қабынуының көбеюін иммунитеттің төмендігімен байланыстырып отыр. Сондықтан, әсіресе көктемде түрлі дәрумендерді қабылдап, денсаулыққа күтіммен қарауға кеңес береді.
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
