Қытайда 4 қайық аударылып, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қытайда 4 қайық аударылып, 10 адам қаза тапты

Қытайда 4 қайық аударылып, 10 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысында кенеттен қатты жел тұрып, туристер мінген төрт қайық аударылып қалды. Соңғы мәліметке қарағанда, 10 адам қаза тауып, 84 адам өзенге құлаған. Олардың барлығы құтқарылды. 70 саяхатшы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің сөзінше, госпитальге түскендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Іздеу-құтқару операцияларына 500-ге жуық адам тартылды. Трагедиядан кейін президент Си Цзиньпин туристік аттракциондар мен қоғамдық орындарда қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу