Майдангерлер есімі ұмытылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Майдангерлер есімі ұмытылмайды

Майдангерлер есімі ұмытылмайды

II дүниежүзілік соғысқа қатыстқан қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтер «Батырларға тағзым» атты веб-порталға жинақталып жатыр. Бұл жүйеге кез келген адам кіріп, соғысқа қатысқан жауынгер туралы деректер енгізіп, портал қорын толықтыра алады. Әріптесім Темірлан Нұржанұлы толығырақ айтсын.

Гүлбану Мұхамбетжанованың әкесі Іздей Мұхамбетжанов майданға 1942 жылы аттанған. Атқыштар дивизиясының жауынгері, кіші лейтенант соғыс соңына дейін борышын өтеген. Майдангердің құжаттары, жазбалары мен суреттері қазір қызының қолында. Енді ол бар дерек gен естеліктерді «Батырларға тағзым» атты веб-порталға жүктемек.

Гүлбану Мұхамбетжанова, қала тұрғыны:

Інім әскери қызметте. Сол маған айтты. Әскери порталға әкеміздің бүкіл дерегін салайық деді. Енді мүмкіндік туып тұр.

Гүлбану Мұхамбетжанова, қала тұрғыны:

Футбол ойнап жүрген кезімде суық хабар жетті дейді. Соғыс басталды деген. Содан ауданнан 369 жігіттің құрамында әкемді де соғысқа алып кеткен.

Соғыс жылдарынан кейін Іздей Мұхамбетжанов білім саласында қызмет атқарып, журналист болып та жұмыс істеген. Ұрыс оқиғаларын жан-жақты суреттеп, сол бір қиын кезең жайлы бірқатар еңбек қалдырған.

Гүлбану Мұхамбетжанова, қала тұрғыны:

Болашақ біздің жастарға жақсы. Себебі ұмытпайды. Ол кісілер болмағанымен, олардың аты өшпеуі керек. Даңқы қалуы керек. Атамыздың осы порталда тұр дегеннің өзі қандай мақтаныш.

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Майдангер Іздей Мұмабетжанов туралы деректер веб-порталға енгізілді. Енді арнайы комиссия мәліметтің барлығын тексергеннен кейін жауынгердің құжаттары, суреттері, жазған еңбектері электронды нұсқада да қолжетімді болады.

Темірлан Нұржанұлы


Автор
Редакция
Бөлісу