Әскери қызметшілердің жалақысы алдағы 2 жылда 50% өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әскери қызметшілердің жалақысы алдағы 2 жылда 50% өседі

Әскери қызметшілердің жалақысы алдағы 2 жылда 50% өседі

Елімізде әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау күшейіп келеді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олар қызметтік баспана немесе тұрғын үй төлемақысымен қамтылады. 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен әскерилер қызметтік пәтерді өтеусіз жекешелендіру құқығына ие. Оған қоса, коммуналдық қызмет шығындары үшін өтемақы алады.

Сонымен қатар медициналық көмек пен санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік қарастырылған. 2025-2026 жылдары күштік құрылымдардың жалақысы 50%-ға артады. 8 жылдан астам қызмет еткендер үшін жоғары білім алуға оқу ақысын өтеу мәселесі де жолға қойылған. Бұл бастамалар отансүйгіш мамандарды қолдауға және олардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған.

Динара Жарқынбек

Автор
Редакция
Бөлісу