Германияда Мерц канцлер болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Германияда Мерц канцлер болып сайланды

Германияда Мерц канцлер болып сайланды

Фридрих Мерц Германияның канцлері болып сайланды. Бундестагта бүгін болған екінші мәрте дауыс беру нәтижесі осындай. Христиан-демократиялық одағының лидерін 325 депутат қолдаған. Бірінші турда Мерцке канцлер болу үшін 6 дауыс жетпей қалған еді. Консерваторлар лидері енді үкімет басқарып, ал министрлер кабинеті жұмысына кіріседі.

Арай Төлегенқызы


Автор
Редакция
Бөлісу