Әскери парад LED экрандардан тікелей көрсетілді
Астанада әскери шеру LED экрандар арқылы бірден бірнеше жерде көрсетілді. Ерекше формат. Ашық аспан астында серуендеген қала қонақтары мен тұрғындары экран маңына жиналып, парадты соңына дейін тамашады. LED экрандар орналасқан көшелердегі мерекелік көңіл күйге куә болып келген әріптесім жалғастырады.
Самал Қабышева тілші:
Астаналықтар әскери шеруді осылай үлкен экран арқылы тамашалап жатыр. Дәл қазір біз елорда әкімдігінің жанындамыз. Қала қонақтары мен тұрғындары ашық аспан астында, су бұрқақтың жанында, тамаша ауа райында бір үйдің баласындай әскери шеруді тамашалауда. Халықтың көңіл күйін өздерінен сұрап білсек.
Сайлау Сайділдаұлы, қала тұрғыны:
Бүгін көңіл күйіміз өте көтерінкі. Жанын қан майданға құйған ата-бабаларымыз үшін алғысым шексіз.
Гүлнәзира Сауытбекова, Жамбыл облысының тұрғыны:
Ұлы аталарымыз елімізді, жерімізді қорғап, Тәуелсіздігімізді әпергеніне мың алғыс. Тағзым етемін. Мен өзім Меркіден келдім. Арнайы осы парадты көруге келіп отырмын.
Абылқайыр Байұзақов, қала тұрғыны:
Қазақстандағы техникалар мықты. Мен өскенде Отанымды, Анамды, Отбасымды қорғаймын.
Әділхан Тайсарин, Алматы қаласының тұрғыны:
Бүгінгі парад ол тек мақтанышы емес. Ол үлкендерге, Отан соғысына қатысқан, қайтпаған, тылда еңбек еткен азаматтарға тағзым.
Самал Қабышева, тілші:
Төл әскеріміз – Тәуелсіздігіміздің жетістігі, тайға таңба басқандай темірқазығы. Бүгінгі әскери шеруді тамашалаған әр қазағымның рухы асқақтай түскені анық. Қазақ әскерінің айбыны асқақтай берсін!
Самал Қабышева
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner