Украинаның ірі қалаларында тыныштық орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Украинаның ірі қалаларында тыныштық орнады

Украинаның ірі қалаларында тыныштық орнады

Бүгін таңертең Украинаның ірі қалаларында тыныштық орнады. Мұндай жағдай Ресей көрші елге дрондармен, баллистикалық зымырандармен шабуыл жасамағаннан кейін қалыптасып отыр. Айта кетсек, өткен түні президент Владимир Путиннің атысты 72 сағатқа тоқтату туралы бұйрығы күшіне енді. Украина бұл қысқа ымыраны қабылдамады. Және де Киев соғысты 30 күнге доғаруды талап етіп отыр.

Дегенмен, Жеңістің 80 жылдығы тұсында шабуыл тоқтады дегенімен, бірнеше сағат бұрын Ресей Украинаның Сумы облысына бір бомба тастаған. Оның зардабы туралы ешқандай мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу