Кеңес одағының батыры С.Нұрмағамбетовтың есімі ұлықталды
Талдықорғанда мереке қарсаңында батыр есімі ұлықталды. Шаһардағы көшелердің біріне жеңіс сардары, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілді. Бұл бастаманы Талдықорған қалалық Қарулы Күштер Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген. Артынша Ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Сағадат Нұрмағамбетов еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі әрі алғашқы генералы. Былтыр мамыр айында 100 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтті. Ал Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында батырға осылайша тағзым етілді. Берілген көшенің ұзындығы 1,7 шақырым және 3000 тұрғыны бар. Игі шараға Сағадат Нұрмағамбетовтың туған немересі Айжан Нұрмағамбетова да қатысты.
Айжан Нұрмағамбетова, немересі:
Осы шараға ат салысқандарға әулетіміз атынан алғыс айтамыз. Халқы ұмытпаған адамды өлді деуге болмайды. Атамыз 54 жыл өмірін әскери қызметке берді. Нағыз қолбасшы еді. Өзі әскер басқарып тұрса да, өз ұрпағына жеңілдік жасамайтын. Туған ұлы Чернобльде құтқару жұмыстарына қатысты. Немересі Ауғанстандағы соғыста қаза болды. Ол өз Отанының адал ұлы болды.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner