Франция елшілігі қазақ жауынгерлердің рухына құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Франция елшілігі қазақ жауынгерлердің рухына құрмет көрсетті

Франция елшілігі қазақ жауынгерлердің рухына құрмет көрсетті

Соғыс жылдары Францияда партизан отрядтарының құрамында соғысқан қазақстандық жауынгерлердің рухына құрмет көрсетілді. Қанды қырғында 300-ге жуық отандасымыз Францияның Тулуза қаласы мен оның облысын азат етуге белсене қатысқан. Бүгін сол солдаттардың үшеуі, яғни Қабыш Омаров, Қадем Жұманиязов және Әшімбек Ыстыбаевтың отбасыларына ата-бабаларының жауынгерлік медальдарі тапсырылды. Ұрпақтары бұл күнді ұзақ күткенін әрі Жеңістің 80 жылдығында ерекше сый болғанын айтады.

Зәуір Жұманиязов, Қадем Жұманиязовтың ұлы:

Бүгін Франция елшілігі медаль беріп жатыр. Біз әкемізді ұзақ уақыт іздедік. Талай құжатын көтеріп, елшілікке хабарласып, Мәскеуге хат жаздық. Үндемеді, ешкім келмеді. Міне, бүгін - қуанышты күн. Ұрпақтары жиналып, Жеңіс күніне біздің Жұманиязов әулетіне, балаларына үлкен мейрам болды. Көп-көп рақмет.

Серік Жұмабек

Автор
Редакция
Бөлісу